
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) аясында Атырау облысы Жылыой ауданының № 18, 13 мектептерінде 4 және 9-сынып оқушыларының білім жетістіктері бағаланады.
Бүгін 3 мамыр күні Жылыой ауданының 4 мектебінде ББЖМ өтеді. Бақылаушы ретінде 2 орта мектепте білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Конкаева Жанна Батыргалиевна болды.
Жылыой ауданы №13 жалпы білім беретін орта мектепте 4,9 сыныптар арасында қатысуға тиісті 66 оқушының 65 оқушы қатысты. 1 оқушы ауырып қалу себебінен қатыспады, анықтамасы бар. Жылыой ауданы М.Сатыбалдиев атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектептің 4,9 сыныптары бойынша қатысуға тиісті 100 оқушының 94 оқушысы қатысты. 6 оқушы дәлелді себептермен қатыспады.