
Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік қызмет туралы" заңының талаптарына сәйкес өткен конкурстық рәсімдердің қорытындысымен Атырау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің "Білім сапасын сырттай бақылау" бөлімінің басшысы лауазымына Кәрім Мұратбек Шарханұлы тағайындалды.
Жоғары білімді, заңгер.
Еңбек жолын Атырау облысы Қызылқоға ауданы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.
Қызылқоға аудандық әкімдігінде, Халыққа қызмет ету орталығында, аудандық әділет басқармасында басшы қызметтерді атқарған.
2022 жылдың ақпан айынан осы күнге дейін ҚР Мемлекеттік істер агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде бас маман лауазымында қызмет атқарған.
Әріптесіміздің қызметіне сәттілік тілейміз.