ӘДЕП ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ӘДЕП ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

      2026 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті маманының қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарын орындау мәселелеріне арналған кездесу өтті.

   Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің адалдығын, әділдігін, ашықтығы мен жауапкершілігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

   Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі ережелері мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары түсіндірілді. Қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтегі қызметтік әдеп қағидаттарын ұстану бойынша жан-жақты түсініктемелер берілді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және мемлекеттік қызмет жүйесінде қызметтік әдеп стандарттарын нығайту.