
2026 жылғы 3 тамызда Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы А. Сәлімгерейқызы Атырау облысының «Caspian news» телеарнасына «Өңірдегі білім сапасы туралы» тақырыбында тікелей эфирге сұқбат берді.
Білім беру ұйымдарын лицензиялау, оның ішінде 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына лицензиялау жүргізілетіндігі, олардың материалдық-техникалық базасына, кадрлық қамтамасыз етуіне және білім беру бағдарламаларының сапасына қойылатын талаптары бойынша ақпараттық түсіндірме берді.
Сондай-ақ, биылғы жылы аттестаттау жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының жауапкершілігін күшейту, білім сапасын арттыру, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және білім алушылар үшін сапалы білім беру ортасын қалыптастыру бойынша мағлұматтар берді.