ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА

Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Кәрім 2026 жылғы 28 мамырда Махамбет ауданында іс сапарда болып, аудандық білім бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізді.

  • Кездесу Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының
    6-тармағына сәйкес ұйымдастырылып, оның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы талаптарды және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелерін түсіндіру, сондай-ақ қызметтік әдеп мәдениетін нығайту болды.
  • Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігіне тоқталып, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға заңмен қатаң тыйым салынатынын атап өтті.
  • Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші өз қызметінде ең алдымен қоғам мен мемлекеттің мүддесін басшылыққа алуы қажеттігін ерекше жеткізді.
  • Сондай-ақ, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі әрекеттеріне ерекше назар аударылып отырғанын атап өтіп, мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік қағидаттарын ұстануы, дөрекілік пен бюрократизмге жол бермеуі, мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасамауы және әлеуметтік желілерде де Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы тиіс екенін еске салды.
  • Кездесу соңында бөлім қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша бірлескен жоспарлар талқыланды.