Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мұрат Талғатұлының қабылдауында болып, мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері бойынша Атырау облысы көлемінде атқарылған жұмыстардың есебін баяндадым.
Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл М. Талғатұлы алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар мен негізгі міндеттерге тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп қағидаттарын қатаң сақтауының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі мәдениеті, қоғаммен коммуникация жасау әдебі және мемлекеттік қызмет беделін арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау, азаматтармен тиімді кері байланыс орнату және мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Кездесу соңында алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жұмыстардың жоспары талқыланды.