МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

     

        Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Ш. Кәрім Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылдық округінде болып, округ әкімі аппаратының ұйымдастырған жиналысына қатысты.Жиынның басты мақсаты оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарды ата-аналарға түсіндіру болды.Кездесуге Ақкөл ауылдық округінің әкімі, Құрманғазы ауданы білім бөлімінің маманы, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы, Полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, теолог және Ақкөл жалпы орта мектебінің директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.  Өз кезегінде, Ақкөл жалпы орта мектебінің директоры 2025-2026 оқу жылында мектеп формасын сақтамай отырған оқушылардың ата-аналарымен атқарылған жұмыстарға тоқталып, аталған мәселені бірлесіп шешуге ұсыныс білдірді.  Департаменттің бөлім басшысы М.Ш. Кәрім Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 26 бұйрығымен бекітілген мектеп формасына қойылатын талаптарды оқушылар білім беру ұйымдарында сақтау қажеттігін ата-аналарға түсіндірді.Сондай-ақ, аталған талаптар сақталмаған жағдайда Департамент өз құзыреті шегінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» талаптарына сәйкес ата-аналарға әкімшілік шара қолданылатыны атап өтілді.Сонымен қатар, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі М.Ш. Кәрім білім алушылардың ата-аналарымен кездесу барысында, түсіндірме жұмыстарын жүргізген уақытта Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының нормаларын қатаң сақтау керектігі туралы атап өтті.Кездесу барысында мемлекеттік органдардың қызметкерлері өз салалары бойынша мектеп формасына қатысты мәселеге кеңінен тоқталып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.