
Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі М.Ш. Кәрім 2025 жылдың 27 қарашасында Қызылқоға ауданына қарасты Мұқыр ауылдық округінде болып, округке қарасты № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің, Мұқыр орта мектебінің және «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасының басшылары мен кәсіподақ ұймының төрағаларымен кездесу өткізді.Кездесу ашық форматта өткізіліп, Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының, «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» бұйрықтың талаптары түсіндіріліп, аталған білім беру ұйымдарында атқарылып жатырған жұмыстар талқыланды.Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Ш. Кәрім білім беру ұйымдары жанындағы Әдеп кеңестерінің жұмысын жандандыру, кәсіподақ комитетінің педагогтердің құқықтарын қорғау мақсатында түскен өтініштерге заң шеңберінде жұмыстар жүргізу керектігі туралы түсінік беріп, педагогтердің сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берілді.