Білім беру қызметін лицензиялау және құжаттарды апостильдеу

                                                                             І. Білім беру қызметін лицензиялау.

          2022 жыл бойынша:

         «Е-лицензиялау» порталы арқылы заңды тұлғалардан  барлығы – 62 өтініш келіп түсті.

         Қаралған өтініштер бойынша:

         Берілгені – 3;

         Бас тартылғаны - 59; 

         Атап айтқанда:

  • Мемлекеттік лицензия алу үшін заңды тұлғалардан 23 өтініш түсті. Берілгені -1, бас тартылғаны - 22;
  • Мемлекеттік лицензияға қосымша алу үшін заңды тұлғалардан 37 өтініш түсті. Берілгені - 0, бас тартылғаны - 37;

         3) Мемлекеттік лицензияны немесе лицензияның қосымшасын қайта рәсімдеу туралы  заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті. Қайта рәсімделді – 2, бас тартылғаны - 0.

        Бас тарту себептері: біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, құжаттардың толық ұсынылмауы, өтініштің дұрыс рәсімделмеуі.

Ғимаратты пайдалануға беру туралы құжаттардың, жер учаскесіне мемлекеттік актінің, материалдық-техникалық жарақтандырудың болмауы себебінен жаңа мектептердің лицензияны уақытылы ресімдемеу проблемалары бар.

Сонымен қатар, Атырау қаласында 3 мемлекеттік және 4 жеке меншік мектептер ашылып, рұқсат құжатын алмай білім беру қызметімен айналысып жатқандығы анықталды.

Бұл жөнінде облыстық прокуратураға, обылыс әкімдігіне, жергілікті атқарушы органдарға хаттар жолданып, облыстық маслихатта қаралды.

Аталған 7 мектепке қатысты департаментпен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463 бабы 1 тармағы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып Атырау қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданып, сот шешіміне сәйкес әрқайсысына 25 АЕК (76036) тенге көлемінде айыппұл салынды.

Олар:

1.«Атырау облысы Білім беру басқармасының Қызылқоға ауданы білім бөлімінің «№2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;

  1. "SOVA SCHOOL" жеке мектебі «Сова НС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

3.«Атырау облысы Білім беру басқармасының «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернат»КММ;

  1. "Dostyk School Atyrau"Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  2. "QAZBILIM ATYRAU ұлттық лицейі" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  3. «Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қалалық білім бөлімінің «№42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
  4. «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

 

                                            ІІ. Құжаттарды апостильдеу.

          2017 жылғы 19 маусым айынан бастап Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметтін жеке тұлғаларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті  және Электрондық үкімет порталы (ПЭП) арқылы жүзеге асырады.

2022 жылы  барлығы - 520 өтініш келді.

Қаралған өтініштер бойынша:

Берілгені  – 502

Бас тартылғаны – 18

Олардың ішінде:

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арқылы  - 502 келді.

Берілгені – 502

Бас тартылғаны – 0

Электрондық үкімет порталы (ПЭП) арқылы – 18 өтініш келді.

Берілгені  – 0

Бас тартылғаны – 18

        «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді қарау барысында, «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты басшылыққа алынады.

Бас тарту себептері:

білімі туралы құжаттың түпнұсқасы берілмеген;

таңдалған ел Гаага Конвенциясына кірмейді;

 мемлекеттік баж дұрыс төленбеген.

 

Шығу елдері бойынша құжаттарға апостиль қою туралы мәліметтер

 

№

Ел атауы

Саны

1

Түркия

309

2

Чехия

55

3

Италия

50

4

Польша

22

5

АҚШ

3

6

Корея

43

7

Германия

2

8

Украина

1

9

Франция

1

10

Швеция

3

11

Словения

2

12

Литва

3

13

Ұлыбритания

2

14

Австрия

3

15

Венгрия

1

16

Грузия

1

17

Норвегия

1

БАРЛЫҒЫ

502

 

Жоғары білім дипломы - 55, техникалық және кәсіптік білім дипломы -79, жалпы орта білім аттестаты - 206, негізгі орта білім аттестаты - 124, табель - 20, басқа анықтамалар - 18.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              

Дата публикации
14 апреля 2023