
2026 жылғы 15 қазанда Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылтайшылар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жеке ұйымдарының басшылары үшін кездесу өткізілді, оған Астана қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің лицензиялау бөлімінің басшысы Культуманова Айнур Тулегеновна, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің бақылау басқармасының сарапшысы Абеуова Куралай Кенжебулатовна қатысты.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі ұйымдарды міндетті лицензиялауға көшу мәселесі бойынша кездесу шеңберінде белгіленген біліктілік талаптарын сақтауға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және балалардың жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінетіні түсіндірілді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен құрылтайшыларына қолданыстағы талаптарға сәйкестікке алдын ала ішкі талдау жүргізу, ықтимал сәйкессіздіктерді анықтау және лицензиялауға уақтылы дайындалу үшін қажетті шараларды қабылдау ұсынымдары берілді.
Лицензиялау рәсімінен өту үшін қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыруға назар аударылды. Алдағы өзгерістерге сәйкес Астана қаласының жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен құрылтайшыларына лицензиялау рәсіміне алдын ала дайындалу және өз ұйымдарының белгіленген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу қажеттілігі туралы ұсынылды.
Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түзеу мекемесінде болды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, ағымдағы жылдың 12 ақпанында Департамент ұжымы мен Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өзара келісімі негізінде ІІМ ҚАЖ Комитетінің «№3 мекемесіне» арнайы бару шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын берік ұстануға шақыру.
Мұндай профилактикалық шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жаңа оқу жылына мектептердің дайындығына мониторинг жүргізу аясында қаланың Агрогородок шағын ауданында орналасқан Шәкен Айманов атындағы № 20 жалпы орта білім беретін мектебінде болдым. Мектепте 1611 оқушы білім алады. Мектеп коридорының қабырғаларын әктеу жұмысы толық аяқталған. Педагогтердің вакансиялық орындарына конкурстар жарияланған. Оқушыларды қабылдау комиссиясы жұмыс жасауда. Сыртқы аулада ағымдағы жөндеу жұмыстары тамыз айының ортасына дейін жалғасып, жоспарға сәйкес аяқталады деп күтілуде.
Қала мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығына жүргізілетін мониторинг аясында №22 мектеп-гимназиясы, № 8 мектеп-лицейіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстары зерделенді. Пән кабинеттерінің қабырғаларын әктеу, санитарлық тораптарды, кіреберістерді жаңалау жүргізілуде. Оқушылардың таза, қауіпсіз, жайлы ортада білім алуына жағдай барынша жасалуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдан бастап үш жыл ішінде Қазақстанда 1300-ге жуық мектеп реновацияланады. Биылғы жылы Астана қаласы әкімдігінің №41 жалпы орта білім беретін мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көктал шағын ауданында орналысқан мектеп ғимараты 1970 жылы салынған. Көнерген ғимарат толық реновациялануда. Сонымен қатар мектеп жанынан 500 оқушы орнына арналған қосымша жаңа ғимарат құрылысы аяқталды. Жаңа оқу жылында аталған аудан оқушылары жаңартылған, жабдықталған мектепте білім алатын болады.
Департамент басшысы білім саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалау мақсатында білім беру ұйымдарына бақылау шараларын жүзеге асырды. Осы шараларға өткен оқу жылының барысында қатысып, біліктілігімен ерекшеленген сарапшыларға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының Алғыс хаттары табысталды. Қаланың балабақша әдіскерлері, мектеп пен колледж басшыларының орынбасарлары сараптама жұмысындағы еңбектерінің бағаланғанына өз ризашылықтарын білдірді.
Елордадағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу маусымына дайындық деңгейін тексеру бағытындағы мониторинг шаралары жалғасуда. Қазіргі таңда қала бойынша күрделі жөндеуден өтіп жатқан үш нысанның бірі – №55 жалпы орта білім беретін мектебі.
Департамент басшысы аталған білім ошағына арнайы барып, атқарылып жатқан құрылыс-жөндеу жұмыстарының ағымдағы жағдайымен танысты. Күрделі жөндеу жұмысын жүзеге асыратын Мердігер: "Qurylys Samruk" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оқушылар үшін қауіпсіз, жайлы әрі сапалы білім беру ортасын уақытылы дайындау мақсатында нысандағы жұмыс барысы жіті бақылауда ұсталады.
Астана қаласы мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау мақсатында мониторинг жұмыстары басталды. Жаз мезгілінде елорданың үш білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін Департамент басшысы №13 жалпы орта білім беретін мектебіне барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Күрделі жөндеу жұмысын жүзеге асыратын Мердігер: «СтройКом-ПВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Білім алушылардың қауіпсіз ортада білім алуын қамтамасыз ету мақсатында құрылыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы бақылауға алынды.
Департамент басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі қағидаларын ұжымға түсіндірді. Тұжырымдаманың құрылымы бойынша бөлімдеріне қысқаша шолу жасалды. Заң мен тәртіпті сақтаудың ағымдағы жағдайы жеткізілді. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының жалпы 55 тармағының 8 тармағын орындаушы мемлекеттік орган - ҚР Оқу-ағарту министрлігі болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту шағынан балаларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру дамыған мемлекеттің негізгі кепілі бола алады.
Департаментпен 12 – 19 маусым аралығында Астана қаласы әкімдігінің «№ 9 «Зерде» мамандандырылған лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Бақылау шарасының негізгі мақсаты білім беру ұйымының білім беру саласындағы заңнама талаптарын сақтауы, соның ішінде білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға (МЖМБС) сәйкестігін тексеру, білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесінің сапасын және нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын талдау және ықтимал бұзушылықтардың алдын алу және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Тексеріс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілетін болады.