Бүгін Астана қаласы Білім басқармасының Алқа отырысы өткізілді

Бүгін Астана қаласы Білім басқармасының Алқа отырысы өткізілді

Бүгін Астана қаласы Білім басқармасының Алқа отырысы өткізілді. Алқа отырысына қаладағы барлық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Департамент басшысы 2024 жылы жүргізілген бақылау шараларының қорытындысымен таныстырды.

Білім беру қызметін көрсету үшін берілетін лицензиялау мемлекеттік қызметі бойынша есептік ақпарат берілді. Мемлекеттік аттестация, біліктілік талаптарына сәйкестікке тексеру шараларының барысында анықталған бұзушылықтар мен ескертулер баяндалды.  

Мемлекеттік аттестация қорытындысында үлгілі нәтиже көрсеткен білім беру мекемелері ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының дипломадарымен марапатталды