
2025 жылғы 14 ақпанда Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің қызметкерлері колледждерге ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде Астана қаласының жоғары оқу орындары жанындағы колледж өкілдеріне білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша лицензия және/немесе лицензияға қосымша беруге, мемлекеттік пен жекеменшік колледждерге лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мәселелік сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша лицензия және/немесе лицензияға қосымша беруге өтініштерді қабылдау басталғанын назарларына жеткізілді.