
5 ақпан күні Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен қаланың білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жабдықтарымен жарақтандыру мәселелері жөнінде құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді. Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнекамера және дабыл түймелері жедел басқару орталығына түгел қосылуы қажеттігі жеткізілді. Турникеттердің орнатылуы, лицензиясы бар күзет фирмаларының жұмыс істеуін қадағалау тапсырылды. Білім беру нысандарындағы қауіпсізлік талаптарын толық сақталуын бақылауды жалғастыру айтылды.