
Бүгін Астана қаласының 9 мемлекеттік 23 жеке меншік колледждеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.
Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап, осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігін жеткізді. Оны түбегейлі жаңғырту ісін бастау керектігін алға қойды. Аймаққа қажетті мамандықтар тізімін анықтау, сұранысқа ие кадрлар даярлау үшін колледждерге бағыт-бағдар беру қажеттігін атады. Міндеттерді сапалы орындау үшін заңнамалық тұрғыдан түсіндірулер, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу ерекшеліктері бойынша ақпарат берілді. Пікіралмасулар болып, міндеттер айқындалып, мазмұнды шара өткізілді