
Астана қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Білім басқармасымен бірлесіп 2025 жылғы 22 қаңтар күні №101 жайлы мектепте қалада ашылған 15 жайлы мектептерге арналған білім беру қызметін лицензиялау мемлекеттік қызметі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
Шараға барлық жайлы мектептердің басшылары, құрылыс компанияларының, қалалық төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдері қатысты.
Шара барысында аталған мемлекеттік қызмет бойынша заңнама шеңберінде толық ақпарат жеткізілді. Проблемалық сұрақтарды талқыланып, шешімдері нақтыланды.