15 қаңтар күні Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті №99 жайлы мектеп конференция залында мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарын аттестаттауға тартылатын сарапшылардың қатысуымен семинар өткізді.
Департаменттің бас маманы Абылайхан Айдарұлы сарапшыларға мемлекеттік аттестация рәсімін жүргізу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді. Сарапшылардың міндеттері, қабылдайтын шектеулері бойынша ақпарат жеткізілді. Ең бастысы комиссия мүшесі ретінде оъективтілік пен әділдікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу қажеттілігі баса айтылды.
Департамент басшысы қатысушыларға бақылау шарасын өткізу барысында білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын анықтау жолында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерді білу маңыздылығын жеткізді.