
ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті
Астана қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бөлім прокуроры Шыңғыс Алдияр Жәнібекұлы ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде 2024 жылғы «E-Otinish» ақпараттық жүйесі бойынша келіп түскен өтініштерге талдау жүргізілді. Заң нормаларының сақталуына түсіндірме жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді.