Астана қаласының орта білім беру ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аттестациялау қорытындысына арналған жиналыс өткізілді

Астана қаласының орта білім беру ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аттестациялау қорытындысына арналған жиналыс өткізілді

Ағымдағы жылғы 19 желтоқсан күні Астана қаласының орта білім беру ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аттестациялау қорытындысына арналған жиналыс өткізілді.

Шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов қатысты. Сонымен қатар, қалалық білім басқармасы және әдістемелік орталық қызметкерлері, мемлекеттік аттестация өткізілген мектеп директорлары шақырылды.

2024 жылға бекітілген тізімге сәйкес бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша  49 білім беру мекемесінде (43 мемлекеттік, 6 жеке меншік) мемлекеттік аттестациялаудың қорытындысы талданып, баяндалды.

Қорытындысында орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу комиссиясының құрамындағы біліктілігі үшін 12 сарапшы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының алғыс хатымен марапатталды.