2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларымен семинар өткізілді

2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларымен семинар өткізілді

Бүгін 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім – мемлекеттік аттестация бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Семинарға қатысқан қаланың 7 мемлекеттік және 34 жеке меншік бала бақшаларының басшыларына мемлекеттік аттестация бойынша толық ақпарат берілді.