Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді

Ағымдағы жылғы 3 желтоқсан күні Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді.

Кеңес құрамына Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицейі» тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы - Гүлназия Ұзақбайқызы және Талғат Бигельдинов атындағы 1 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер – Владимир Федоров енгізілді.

Кеңес отырысы жаңа құрамда Педагогикалық әдеп қағидаларының жаңа редакциядағы жобасын талқылап, тиісті ұсыныстарды талқылады.

Сонымен қатар № 14 мектеп-лицейіне қатысты Астана қаласы Полиция департаменті «Сарыарқа» ауданы Полиция Басқармасынан келіп түскен ұсыным хаты бойынша педагогикалық этиканың сақталмауы бойынша сұрақ қарастырылды.