Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен білім мазмұнын жетілдіру аясында әзірленген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш және негізгі орта білім беру стандарттары жобаларының таныстырылымы өткізілді. Департамент қызметкерлері аталған шараға қатысып, білім мазмұнынан қойылатын талаптарға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттарымен танысты. Бастауыш және орта білім берудегі базалық құндылықтар бойынша ақпарат берілді.