
2024 жылғы 13 қараша күні Департамент басшысы Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.
Отырыста Байқоңыр, Сарыарқа, Есіл, Алматы, Нұра аудандарының ювеналды полиция бөлімшелерінің есептері тыңдалды.
Балалардың, жасөспірімдердің құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қайта тәртіп бұзушылыққа жол бермеу, сондай-ақ профилактикалық шараларды жүргізу – әр білім беру мекемесінің басты міндеті болуы қажет.