Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысының азаматтарды қабылдауы болды.

Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысының азаматтарды қабылдауы болды.

17 қазан күні Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Кенжегүл Бекимованың азаматтарды қабылдауы болды.

Департаменттің  негізгі жұмысы бойынша азаматтардың сұрақтарына жауаптар берілді. Көп балалы отбасының балаларына мектепте берілетін жеңілдіктер бойынша, педагог-асситенттің жеткіліксіздігінен мүгедек балалардың құқығының шектелуі жөнінде т.б. сұрақтар болды.

Қабылдау барысында ата-анаға мектепте көпбалалы отбасы балаларына берілетін жеңілдіктер жөнінде консультациялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар орта білім беру ұйымына педагогтарды қабылдау бойынша заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында жоспардан тыс тексеріс жүргізу жөнінде шешім қаьылданды.