2024 жылғы 16 қазанда «Мирас» мектебінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтті.
«Мирас» 1999 жылы ашылып, Халықаралық Бакалавриат (International Baccalaureate) бағдарламасының барлық деңгейлері бойынша рұқсат етілген, Қазақстандағы тұңғыш халықаралық мектеп. Мектептің академиялық ұжымын әлемнің 10-нан астам елінен келген жоғары білікті мұғалімдер құрайды.
Атаулы мерекеге ҚР Оқу-ағарту министрілігінің өкілдері, ата-аналар, мектептің әр жылдардағы түлектері және оқушылар қауымы қатысты.
Достық және қамқорлықпен жемісті де, қызықты оқу атмосферасын қалыптастырған мектеп ұжымына сәттілік тілейміз.