Оқу-ағарту министрі және денсаулық сақтау министрі елордалық білім беру ұйымдары басшыларымен кездесу өткізді

Оқу-ағарту министрі және денсаулық сақтау министрі елордалық білім беру ұйымдары басшыларымен кездесу өткізді

10 қазан күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың және денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен елордалық білім беру ұйымдары басшыларымен кездесу өткізілді.

Мақсаты - екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, білім беру ұйымдарында медициналық қызметті ұйымдастыру, инклюзивті кабинеттер, сондай-ақ педагогтердің денсаулығын сақтау, психологтардың біліктілігін арттыру мәселелері.

№85 мектеп-лицейі мен №84 «Кәусар» бөбекжай-балабақшасында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы қаралды. Оқу-ағарту министрі тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, санитарлық, гигиеналық талаптардың сақталуына, дұрыс тамақтануды насихаттауға көңіл бөлінуі керектігін жеткізді.