Мектеп басшыларына семинар ұйымдастырылды

Мектеп басшыларына семинар  ұйымдастырылды

«МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА» тақырыбында 2024 жылдың 27 қыркүйек күні мектеп басшыларына «Quantum TECH school» ғимаратында  семинар ұйымдастырылды.Өтілген семинардың негізгі мақсаты: тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін сапа менеджменті саласында мектеп басшыларының басқару құзыреттілігін дамыту. Семинар барысында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінен Мұрат Хайырбекұлы және Гүлдана Қуанышқызы мектеп қызметінің сапасын басқару тақырыбы бойынша спикерлік сөз сөйледі. Қорытындылау кезеңінде кері байланыс жүргізіліп сертификаттар ұсынылды.