Департамент басшысының азаматтарды жеке қабылдауы болды

Департамент басшысының азаматтарды жеке қабылдауы болды

18 қыркүйек күні Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Кенжегүл Бекимованың азаматтарды қабылдауы болды.

Департаменттің  негізгі жұмысы бойынша азаматтардың сұрақтарына жауаптар берілді. Көпшілік сұрақтар департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты болды.

Жеке меншік мектептердің өкілдерінен білім беру қызметін көрсетуге берілетін лицензияға ұсынылатын құжаттар бойынша, әдістемелік орталық мамандарынан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау рәсіміне қатысты т.б. сұрақтарға білім саласындағы қолданыстағы заңнамалар бойынша жауаптар берілді.