Лицензиялау бөлімінің қызметкерлері «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру» семинарына қатысты

Лицензиялау бөлімінің қызметкерлері «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру» семинарына қатысты

Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің қызметкерлері 2024 жылғы 17 қыркүйекте Астана қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ даму департаменті ұйымдастырған «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру» семинарына қатысты.

Семинардың тақырыбы: «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою».

Семинарға Қазақстан Республикасы өңірлерінің Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшелерінің бас мамандары – тәлімгерлерінің 100 қызметкерлері қатысты.