16 қыркүйек күні «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде сапалы жұмыс істеу мақсатында Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департментінің қызметкерлеріне арналған түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Шара «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамының өкілі Айжан Қарбаеваның қатысуымен өткізілді.
ҰБДҚ-ның мүмкіндіктерін бақылау шараларын жүргізу барысында ұтымды пайдалану, деректерді сәйкестендіруде қолданудың тәсілдері түсіндірілді.
Сондай-ақ ҰБДҚ – ның деректерін талдау жүйесін күнделікті жұмыста қолдану әдістері көрсетіліп, қызметкерлер үшін мазмұнды, қажетті ақпараттар берілді.