13 қыркүйек күні мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарын аттестаттауға тартылатын сарапшылармен кездесу ұйымдастырылды. 2024 жылғы қазан-желтоқсан айларында мемлекеттік аттестациядан 49 орта білім беру ұйымдары және 1 жеке меншік колледжді өткізу жоспарланған. Кездесуде білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім – мемлекеттік аттестация бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бақылау шарасын өткізу барысында негізге алынатын барлық нормативтік-құқықтық актілер, сарапшылардың міндеттері бойынша ақпарат жеткізілді. Жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, оъективтілік пен әділдікті қамтамасыз ету қажеттілігі баса айтылды.