
28 тамыз күні департамент 2024 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектептердің басшыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім – мемлекеттік аттестация бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің өкілдері - Гүлжиян Жүсіпқалиева, Үміт Хамидуллина қатысты. Диалог форматында өткен кездесуде мектеп басшылары мемлекеттік аттестацияға дайындық бойынша барлық сұрақтарына жауаптарын алды.