
ҚР Оқу-ағарту министрлігі 21 тамызда Назарбаве Университетінің ғимаратында "Digital Kazakhstan - заманауи білім беру" атты республикалық педагогтердің тамыз саммитін өткізді. Саммитте қазіргі білім берудегі инновациялар мен технологиялардың қолданылуы талқыланды. Цифрлы замандағы білім саласының түрлі тақырыптарына арналған 12 секция жұмыс жасады. Жасанды интеллектінің адамзатқа әсері талқыланды. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, қазақстандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабылеттілігін арттыру және білім алушыларға заман талабына сай білім беру мақсатында өткен әсерлі, әр қатысушыға терең ой салған мазмұнды саммит болды.