
“DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ” Астана қаласы педагогтерінің тамыз форумы 2024 жылғы 15 тамызда өтті. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының қатысуымен ауқымды шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. «Цифрлық білім берудің болашағы» атты көрме, өзекті тақырыптағы панельдік сессиялар мазмұнды болғанын атау қажет. “Барлығына қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары” тақырыбындағы сессиясына департамент басшысы қатысып, бақылау шаралары туралы сөз сөйледі.