
2024 жылдың мамыр айында Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия және лицензия қосымшасын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде Департаментке 28 өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда келіп түскен өтініштер бойынша білім беру мекемелеріне білім беру қызметімен айналысуға үш лицензия және үш лицензияға қосымша берілді, сондай-ақ бес лицензия мен лицензия қосымшасы қайта ресімделді. Сондай-ақ, білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес келмеуіне байланысты төрт өтініш бойынша дәлелді бас тарту хаты жолданды. Қазіргі таңда 16 өтініш орындалу үстінде.