Астана қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді.

Астана қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді.

29 мамыр 2024 жылы Астана қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Кеңестің кезекті отырысында Астана қаласының әкімдігінің Әдістемелік орталығының қызметі туралы есебі тыңдалды. Мектепке дейінгі, орта білім беру мекемелерінің мемлекеттік аттетациядан өту барысы, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жоспарлары, көрсетілетін әдістемелік көмектің сапасы жөнінде сұрақтар қойылып, талқыланды. Қоғамдық кеңестің мүшелері тарапынан орталықтың жұмысын жоспарлау барысына ұсыныстар айтылды. Астана қаласының білім беру мекемелерінің жалпы қызметін жетілдіру, білім сапасын көтеру мәселелері жөнінде пікір алмасулар болды.