
Мағжан Жұмабаев халықаралық колледжінде «Баршаға қолжетімді білім» форсайт сессиясы өткізілді. Мақсаты – елордалық білім беру жүйесінде педагог кадрларды даярлаудың негізгі бағыттары бойынша стратегиялық бағдарларды анықтау, инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа дайын педагог кадрларды даярлауды жетілдіру мәселелері мен перспективаларын талқылау. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Атамекен, қала білім басқармасының, колледждерінің өкілдерінің қатысуымен маңызды, мазмұнды шара ұйымдастырылды.