
Бүгін Департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес мәселесі бойынша кезекті дәріс өткізілді.
Дәрісті Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының аға офицері - Гүлназ Слямқызы Сағандықова жүргізді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы заңнамаға енгізілген жаңалықтар жан-жақты талданып, мысалдармен дәлелденіп жеткізілді.