
Бүгін Департаментте Астана қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасының маманы Алдияр Шыңғыстың қатысуымен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Мемлекеттік органдарға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу қағидаларын жан-жақты жеткізілді. Өтініш беруші субъектіге тікелей жүгінген кезде ауызша өтініштерді, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлер мен ұсыныстарды қабылдау және тіркеуді жүзеге асыру түсіндірілді.
«Электрондық өтініштер» жүйесінде өтініштерді тіркеу, есепке алу қағидаларына сәйкес есепке алуға жатпайтын құжаттар бойынша айқындалды.
Шағымдар мен өтініштерді қарау сапасы бойынша бағалауды жүзеге асыратын 4 өлшемшарттары айтылды.
Қызметкерлерден қайта бағыттау, қарау мерзімдері, мемлекеттік органдарға сұраныс жолдау, қайтарып алу т.б. мәселелер бойынша сұрақтарына нақты жауаптар берілді.