Астана қаласының мектептерінде 15 сәуірден бастап білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі жұмыстары басталды.

Астана қаласының мектептерінде 15 сәуірден бастап білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі  жұмыстары басталды.

Астана қаласының мектептерінде 15 сәуірден бастап білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) жұмыстары басталды.

ББЖМ мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі. Сонымен қатар мониторингтің мақсаты білім алушылардың білім сапасын жүйелі бағалау болып табылады. ББЖМ 4 және 9-сыныптарда тестілеу нысанында электрондық форматта, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.

ББЖМ кейін әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірленеді.

Астанада мониторинг 9 жекеменшік мектептерде өткізіледі. Бүгін «HARMONY SCHOOL» және «International School Zerdeli» мектептерінде ББЖМ өткізілді.