Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызмет көрсету

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызмет көрсету

Департаментке бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде 2024 жылдың І-тоқсанында 368 өтінім келіп түскен. Оның 295-і бойынша құжаттар апостильденіп, 73 өтінім бойынша қызметті көрсетуден бас тартылды.

 Осы мерзімде 19 мемлекеттің аумағында қолдануға арналған құжаттар апостильденген. Алғашқы үштікте Италия – 87, Корея – 51, Түркия – 38.

Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты - Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.