
2024 жылдың қаңтар айының басынан бастап бүгінгі күнге дейін 20 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. 20 мемлекеттік балабақшаның 18-і аттестаттаудан сәтті өтіп, 2-уі қайта аттестаттауға жіберілді.
Бүгінгі күннен бастап 2024 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес 42 мектепке дейінгі жекеменшік білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау басталды.
Мемлекеттік аттестаттаудан өту кезінде балабақшаларда бірқатар кемшіліктер анықталды: құжаттардың толық ұсынылмауы, белгілі бір оқу жылында ұйымдастырылған іс -әрекеттің циклограммасы ұйымның бекітілген кестесіне сай келмеуі, жұмыс оқу жоспарының талапқа сай жазылмауы, балалардың жеке даму карталары топтағы бала санына қарай толық жасалмауы, апталық жүктеменің қамтылмауы.
Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
Осығай орай мұндай аттестаттауды өткізу балабақшалардың жұмыс сапасын бағалаудағы және болашақта олардың тиімділігін жақсартудағы маңызды кезең деп санауға болады.