Астана қаласының орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған 2024 жылы білім беру ұйымдарының мониторингі, біліктілік талаптарға сәйкестікті тексеру және білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу бойынша ақпараттық- түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Астана қаласының орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған 2024 жылы білім беру ұйымдарының мониторингі, біліктілік талаптарға сәйкестікті тексеру және білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу бойынша ақпараттық- түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Түсіндірме жұмысы барысында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағысының орынбасары Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменова зерделеудің негізгі бағыттарына, талаптардың тізбесіне мен негізгі нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ бақылау іс-шараларының тексеру парақтарына кеңінен тоқталды.

Мектеп басшылары түсіндірме жұмысынан толық мағлұмат алып, кездесу соңында қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді. Сондай-ақ қатысушылар қажетті электронды материалдармен қамтамасыз етілді.