
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ «ТАЛАНТТАРДЫ ДАЯРЛАУ ЗЕРТХАНАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ҮШІНШІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
📍Баку қаласында физика, химия және математика пәндері бойынша оқушылардың «Таланттарды даярлау зертханасы» халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
🥈Зияткерлік сайысқа Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия құрама командалары қатысты. Қазақстан құрама командасы 3 қатысушыдан тұрды. Олимпиада қорытындысы бойынша олар 1 күміс медаль ұтып алып, 3 командалық орынға ие болды.
🎯Мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы ғылымдарға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, дарынды балалардың зияткерлік дамуына қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау, жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу.
🟩Олимпиада қорытындысы бойынша:
✅Күміс медаль және командалық үшінші орын - Дария Бектұрсын - дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы, Павлодар қаласы;
✅Командалық үшінші орын - Абылай Аппас - Алматы қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамының 9 сынып оқушысы;
✅Командалық үшінші орын - Ерасыл Алтынбек - Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей- интернатының 9 сынып оқушысы.
🧑🏻🏫Құрама команданың жетекшісі:
Нұрдәулет Қаласов - PhD доктор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.
📚Айта кетсек, «Таланттарды даярлау зертханасы» жобасы бірнеше жыл қатарынан Әзірбайжанда өтіп келеді. Бұл олимпиаданың басқа олимпиадалардан айырмашылығы, оның қатысушылары - 15 жастағы жасөспірімдер физика, математика және химия пәндері бойынша жоғары білім деңгейін көрсетуі керек.