«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 200-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГ ШЕТЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 200-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГ ШЕТЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 200-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГ ШЕТЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ
✍️Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау механизмін бекітті.
📥«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» пилоттық жобасы аясында 220 талапкер соңғы іріктеу кезеңдерінен өтуде. Осылайша, 2024 жылдан бастап жаңа форматтағы басшылардың кадрлық резерві жыл сайын толықтырылатын болады.
📬Колледждердегі менеджмент жүйесін жетілдіру бойынша осындай кадрлық резервті қалыптастыру жұмыстары орта кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында да жүргізілетін болады.
📖Сондай-ақ үздік білім беру ұйымдарының басшыларын «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3-6 айлық курсқа шетелдерде тағылымдамадан өтуге жіберу жұмыстары жалғасады. Қазіргі таңда 200-ден астам педагог «Болашақ» бағдарламасы аясында «Білім» және «Педагогика» бағыттары бойынша шетелдерде тағылымдамадан өтуде.
🔍Бұдан басқа, бірінші басшылардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында 1000-ға жуық балабақша меңгерушілері, мектеп, колледж директорлары ротацияланды.