
2023 жылғы 23 қарашада «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы филиалының басшысы Дархан Болатұлы Құлжамбековтің департамент қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып жатқан шаралар, олардың тиімділігін арттыру жұмыстары жайлы мәлімет берілді, департаменттің құзыры шегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары тұстарға тоқталды. Сонымен қатар, қызмет барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету, қызметкерлер мен тұтынушылар арасында адалдықты қалыптастыру жайлы сұрақтар талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Дархан Болатұлы департамент қызметкерлерімен заңнама талаптарын орындау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, алдағы уақытта департамент тарапынан туындайтын мәселелерді бірлесіп қарау арқылы оңтайлы шешімдер табуға шақырды.