Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері Білім күні мерекесіне орай Астана қаласының мектептерінде салтанатты іс-шараға қатысты.

Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері Білім күні мерекесіне орай Астана қаласының мектептерінде салтанатты іс-шараға қатысты.
1 қыркүйек – Білім күні және жаңа оқу жылы құтты болсын!
1 қыркүйекте Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері Білім күні мерекесіне орай Астана қаласының №18, №51, №53 және Ұлттық бизнес және инжиниринг мектептерінде салтанатты іс-шараға қатысты.
Бүгін, мектеп табалдырығын 300 мыңнан астам бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады, ал №18 мектепте - 166, № 51-де - 370, № 53-те 378 бала бірінші сыныпқа барады.
Білім әлеміне жол бастаған, 1 сыныпқа барған кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы - оң, қадамы құтты болсын!
Бірінші қыркүйек әрбіріміздің жанымызға жақын мереке. Жаңа оқу жылы баршаңыз үшін қызықты да жемісті, жақсы жаңалыққа толы болсын!
Бұл күрделі жөндеуден өткен мектептер жаңа оқу жылына толық дайындығын көрсеткенін атап өткіміз келеді.