Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Р.А. Козкеева Астана қаласы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатысты.

Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Р.А. Козкеева Астана қаласы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатысты.
2023 жылғы 31 тамыз күні Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Р.А. Козкеева Астана қаласы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатысты.
Отырыста Астана қаласының Полиция департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, «Право» ҚҚ тапсырмаларының орындалуы туралы есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалардың өмірін одан әрі орналастыру бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) қатысты материалдар қаралды.
Кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына және заңды өкілдеріне қатысты материалдарды, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, ювеналды полицияның ұсынымдарын қарау нәтижелері бойынша комиссия мүшелері балалардың мүддесі үшін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ата-ана құқықтарын шектеу, кәмелетке толмағандарды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдарына жіберу, Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды сүйемелдеу туралы ұсынымдар қабылдады, сонымен қоса, профилактикалық әңгімелесу өткізді.