Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің өкілдері Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің секциялық және пленарлық отырысына қатысты.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің өкілдері Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің секциялық және пленарлық отырысына қатысты.

2023 жылы 24-25 тамызда аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің өкілдері «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында Тараз қаласында өткен Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің секциялық және пленарлық отырысына қатысты.
Тамыз кеңесінің 1-ші күні «Білім саласында сапаны қамтамасыз етудегі мемлекеттік бақылау шаралары» атты секциялық отырысында аумақтық Департаменттер білім беру саласында бақылау және бағалау мәселелері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісу мақсатында ұсынылған кейстер талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.
2-ші күні өткен пленарлық сессияның спикерлері:
 Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйес;
 RCEC жүйесі бойынша білім беру сапасын бағалау құралдарын аккредиттеу;
 ҰБТ-ның тақырыптық талдауы - білім беру сапасының сыртқы бағалау жүйесі құралдарының бірі;
 Жүйелі басқару мен бақылау бойынша баяндама жасады.
Осы Тамыз кеңесі аясында қамтылған білім беруді дамытудың негізгі бағыттары барынша тиімді және кеңінен талқыланды.