Білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығы бойынша брифингі

Білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығы бойынша брифингі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлбақыт Жунусова, білім алушылардың сапалы әрі қауіпсіз білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының берген тапсырмасына сәйкес, білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығына жүргізілген кешенді мониторинг қорытындысы бойынша баяндады.

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Астана қаласындағы мектептердің жай-күйі жайлы ақпарат берілді.

Баяндамада бүгінгі бірінші кезектегі міндет - оқу үдерісіне қатысушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмей, оқу жылын бастау екендіні, осы ретте білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету мәселесі басты назарда екендігі айтылды.

Жалпы, аталған мониторингпен Астана қаласындағы мемлекеттік 100 мектеп қамтылған болатын.

Департамент мектептердің жаңа оқу жылына дайындығының мониторингісін жалғастырады және атқарылған жұмыстар бойынша қосымша ақпарат Департаменттің ресми сайтында, әлеуметтік желіде жарияланатын болады.