
«Астана медресе колледжі» жеке мекемесіне білім беру саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру іс-шараларын өткізді. Атап айтқанда, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығының талаптарына сәйкестігі бойынша.
Жүргізілген тексерістің қорытындысы бойынша білім беру ұйымына 3W02210101 – «Азаншы», 3W02210102 – «Имам», 4S02210202 – «Ислам теологі» біліктіліктеріне лицензияға қосымша берілді.
Колледж Астана қаласы, Алматы ауданы, Қобыланды батыр көшесі, 3 мекенжайында орналасқан.